Сирия дағдарысы бойынша Астана процесіне қатысушы тараптардың төрт көзі түгел жиналды. Соңғы болып Сирия үкімет мүшелері елордаға атбасын тіреді. Бұл ақпаратты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Бұған дейін Сирия оппозициясы мен Түркия, Иран және Ресей елінің өкілдері мен БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да Астанаға табан тіреген болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, келіссөзден хабар тарату үшін Астанаға 25 елден 380-ге жуық тілші келген.
Келіссөзге арналған арнайы баспасөз алаңы "Қазмедиа" орталығының ғимаратында дүйсенбі күні сағат 09:00-де өз жұмысын бастайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу