Астана процесінің Х раунды аяқталды

594

 Кепіл-мемлекеттер Сирия қақтығысы кезінде ұсталғандарды босатуды ұсынды.

Астана процесінің Х раунды аяқталды

Бұл жолғы Сирия бойынша келіссөздер Сочи қаласында өтті. Кепіл-мемлекеттер Сирия қақтығысы кезінде ұсталғандарды босатуды ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы, келіссөздер екітарапты және үшжақты кездесулер форматында өтті. Оппозиция Ресей, Түркия және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен жеке келіссөздер жүргізді. 

Айта кетейік, Астана процесінің тоғыз кездесуінің сегізіне қатысқан АҚШ тарапы бұл жолы кездесуге келген жоқ. Қатысушылар Сириядағы келісімге келу үдерісін ұзартуды, конституциялық комиссияның құрылуын және қамалғандарды босату туралы пікір алмасты. Сондай-ақ босқындарды еліне қайтару мәселесі көтерілген болатын. Ресей тарапының есебі бойынша, сириялық босқындардың жалпы саны – 6 млн 700 мың адам. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу