Астана прокуратурасы 700 млн теңгеге жуық жер телімін қайтарды

450

Акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алған.

Астана прокуратурасы 700 млн теңгеге жуық жер телімін қайтарды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бас прокуратураның мәліметі бойынша, тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалып, жер учаскелері мемлекетке берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу