Астана прокуроры Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді

430

Екінші ұсталған адамның Бишімбаевпен туыстық қатынасы бар.

Астана прокуроры Бишімбаевтың ісіне қатысты түсінік берді Фото: Inbusiness.kz

Астана прокуроры Ерлан Өтегенов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша ұсталған екінші адам Қуандық Бишімбаевтың туысы деген ақпаратты растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Астананың бизнес өкілдерімен кездесуге келген прокурор кулуарда журналистердің сұрағына жауап берді.

"Бәріңіз білесіздер, іс тергелу үстінде, барлық сараптама жүргізіліп жатыр. Бишімбаев уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, оны қамуда ұстау мерзімі 2 айға белгіленді. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді ол.

Сонымен қатар ол екінші ұсталған күдікті Бишімбаевтың ағасы ма деген сұраққа да жауап берді.

"Ол "Гастро-орталықтың" директоры, олардың туыстық қатынасы бар", - деп жауап берді Өтегенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу