Астана-Сарыағаш пойызы тексерілді

1232

Тексеріс нәтижесінде 25 заң бұзушылық анықталды.

Астана-Сарыағаш пойызы тексерілді

Көлік комитетінің төрағысы Әсет Асавбаев пен Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық басшысы Төлеген Байғұлов Астанадан Сарыағашқа қатынайтын N85/86 жолаушылар пойызын тексерді. Тексеріс нәтижесінде пойыздың ҚР Ұлттық стандарттарының талаптарына сай келмейтін 25 факт анықталды, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, вагон сыртындағы тот басқан іздер мен басқа да ақаулар көзге түскен және төсек орын жабдықтарының стандарт талаптарына сай болмауы сынға ілінді. Сондай-ақ, кір матрас пен жастықтар және басқа да төсек жабдықтар анықталған, жолаушыларды билетсіз тасымалдауға байланысты да фактілер тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу