"Астана-Семей" бағытында жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берілді

165

Жаңа вагон заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жасалған.

"Астана-Семей" бағытында жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берілді Фото: ҚТЖ

Көлік министрлігі "Астана-Семей" бағытындағы №121/122 жедел жолаушылар пойызы құрамына "Арай транс KZ" ЖШС ұсынған жаңа купелік жолаушылар вагонының қосылғанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Вагонда жұмсақ әрі эргономикалық орындықтар, ауа кондиционерлеу жүйесі, бейнебақылау, экологиялық таза биодәретхана кешені, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, сондай-ақ мобильді құрылғылар мен ноутбуктерді қуаттауға арналған USB және Type-C ұяшықтары қарастырылған.

2023-2024 жылдар аралығында "Арай транс KZ" ЖШС жылжымалы құрамды жаңарту аясында тағы 3 жолаушылар вагонын (1 купелік, 2 плацкарттық) пайдалануға берді. Аталған шаралар теміржол паркін жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылуда.

Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар бағыттарда тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз ету және жолаушылар паркін кезең-кезеңімен жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу