Биыл 15 маусымынан Астана мен Сеул арасында тікелей рейс қайта басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып.
"Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билік орындары арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша уағдаластықтар шеңберінде ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында Алматы және Сеул қалаларында, ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Астана - Сеул бағыты бойынша екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын қайта бастайды", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу