"Астана" шабандозы "Лангкави турының" финалдық кезеңінде жеңіске жетті

543

Малайзияда Әлемдік Тур аясында өткен "Лангкави туры" мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана" шабандозы "Лангкави турының" финалдық кезеңінде жеңіске жетті Фото: matchtv.ru

Бүгін Малайзия жолдарында "Лангкави туры" көпкүндік веложарысының финалдық кезеңі өтті. Сетия – Алам – Куала Лумпур жарыс бағыты бойынша  8-кезеңде шабандоздар 156.5 шақырым жарыс жолын жүріп өтті. Тартысты өткен велододада елордалық команданың ресейлік шабандозы мәреге бірінші болып келді.

Айта кетейік, күні кеше Глеб Сырица "Лангкави турының" кезеңінде тағы бір жүлдені жеңіп алды. Ол жаппай спринтпен аяқталған көпкүндік жарыстың жетінші кезеңінде үшінші болып мәреге жетті.

"Мен барлық командаластарыма Лангкавидегі тағы бір тамаша күн үшін алғыс айтқым келеді. Жігіттер бүгін және осы апта бойы маған тамаша қолдау көрсетті. Кезең жоғары жылдамдық пен ыстыққа байланысты қиынға соқты. Өзімді жақсы сезіндім деп айта алмаймын. Сондықтан финалда жеңіске жету үшін аяғымда күш болмады. Спринтте жеңіске біртабан жақын болдым", - деді Глеб Сырица 7-кезең аяқталған соң.

"Лангкави Туры", 8-кезең. Сетия - Алам – Куала Лумпур (156.5 шақырым)

1. Глеб Сырица (Астана) - 3:12:27

2. Даниэль Бабор (Caja Rural - Seguros RGA) 

3. Арвид де Кляйн (Tudor Pro Cycling Team) 

Жалпы есеп:

1. Саймон Карр (EF Education-EasyPost) - 29:17:41

2. Джефферсон Сепеда (EF Education-EasyPost) - +0:49

3. Пабло Кастрильо (Equipo Kern Pharma) - +0:58

...5. Вадим Пронский ("Астана") - +1:15

...74. Глеб Сырица ("Астана") - +55:30

Сонымен қатар елордалық велокоманданың бірқатар шабандоздары бүгін Италия тас жолдарында өтіп жатқан "Джиро-дель Эмилия" біркүндігіне қатысуда. Жарыс жолына Симоне Веласко, Самуэле Баттистелла, Харольд Техада, Давиде Мартинелли, Антонио Нибали, Джанмарко Гарофоли және Кристиан Скарони шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу