Ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты Астана шетіндегі елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша тоқтатылды.
"Ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты қала маңы бағдарларының барлық қозғалысы уақытша тоқтатылды", - делінген CTS хабарламасында.
Еске сала кетсек, "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 8-9 ақпан күндері Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу