"Астана-Щучинск" ақылы автожолынан 1,5 миллиард теңге түскен

724

"ҚазАвтоЖол" 2018 жылды қорытындылады.

 "Астана-Щучинск" ақылы автожолынан 1,5 миллиард теңге түскен

2018 жылы "Астана-Щучинск" ақылы автожолынан 1 млрд 539 млн теңге түскен, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның 2019 жылдың 14 қаңтарында өткен аппараттық жиналысында "Астана-Щучинск" ақылы автожолынан қанша қаражат түскені сөз болып, 2018 жыл қорытындысы шығарылды. Барлық жиналған қаражат ақылы учаскені ұстап тұруға, сондай-ақ төлем алу жүйесін жаңғыртуға  жұмсалған.

2018 жылы жалпы қарқын 2 809 993 көлікті құрады. 2017 жылмен салыстырғанда көлік құралдарының қарқындылығы 1,9%-ға артқан. Алдын ала төлем бойынша алым да 116,6%-ға өскен.

2018 жылы алдын ала төлем бойынша 139 611 мың операция жасалған. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 3 есе көп.

Бүгінгі күні филиал қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін (МТНБ) анықтауға қатысты жұмысты белсенді жүргізіп жатыр. Көлік құралының нақты мәліметтері анықталғаннан кейін, жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп аталған көліктерді ұстау жұмысы жүргізілді. Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша, бірнеше ай ішінде жол полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы 21 хаттама жасаған. Одан әрі жүргізуші куәлігінен айру үшін 5 көлік арнайы тұраққа қойылды. Ұрланған МТНБ-ны пайдаланғаны үшін бір қылмыстық іс қозғалды. Екі пайдаланушы филиал алдындағы  1 020 000 теңге қарызын өтеді.  

Тап қазіргі уақытта "Ақылы автожол дирекциясы" филиалы жолды қыста ұстап тұруға толығымен дайын. Жол бойындағы сервисті жақсарту мақсатында 2018 жылы демалыс орындарында  5 заманауи KazWay павильоны орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу