Астана-Щучинск автожолында көлік қозғалысы жабылды

100

Жол 6 ақпанда сағат 09:00-де ашылады.  

Астана-Щучинск автожолында көлік қозғалысы жабылды Фото: pixabay.com

Астана-Щучинск автожолында барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"КазАвтоЖол ҰК" АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар Астана-Щучинск автожолында барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық.

Жол 2026 жылғы 6 ақпанда сағат 09:00-де ашылады деп жоспарланған. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін ескертеді. Атап айтқанда, дауыл туралы ескертулерді қадағалап, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру керек. Сондай-ақ алыс қашықтыққа саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тартқан жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу