2 қаңтар күні күндіз Щучье-Астана тас жолының Жасыл ауылы маңында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Бурабай ауданының Төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап.
Апат ауа райының қолайсыздығы мен көрінудің нашарлығы салдарынан орын алған. Апат салдарынан 15 көлік зардап шекті. Бір адам ми жарақатын алған. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігімен Макинск қаласына эвакуацияланды.
Оқиға орнына зардап шеккендерді жылыту үшін экипаж жіберілді. Құтқару жұмыстары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу