"25 ақпанда"Астана - Шымкент" КС-7307 рейсі "Эйрбас-А320" әуе кемесінде сағат 5:40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (Шымкент әуежайында қатты жел) рейстің ұшуы кейінге қалдырылды және одан әрі тоқтатылды. Рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактілері бойынша жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберілді.
Ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылды.
Сондай-ақ өтініш білдірген барлық жолаушыларға билеттерді толық қайтару рәсімделді.
Сонымен қатар Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы факт бойынша қосымша тексеру жүргізеді және әуе компания тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады.
Азаматтық авиациядағы басты басымдық – ұшу қауіпсіздігі", - делінген комитет мәлімдемесінде.