"Астана-Шымкент" бағытындағы ұшақтан мас жолаушы түсірілді

484

Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысы қауіпсіздік ережелеріне бағынбағаны үшін ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Астана-Шымкент" бағытындағы ұшақтан мас жолаушы түсірілді

Астана әуежайындағы желілік полиция бөліміне 27 қаңтарда Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдерінен Астана-Шымкент бағытындағы рейстің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы хабарлама түскен. Құқықбұзушы акт бойынша көлік полицейлеріне берілді.

Тексеру барысында полицейлер масаң күйінде болған және ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, ол "жеңіл дәрежелі" алкогольдік масаң күйінде болған.

Ер адамға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу), ҚР ӘҚБтК-нің 566-бабы 1-бөлігі (әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, 8 айлық есептік көрсеткіш (27 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу