Астана Сирия келіссөзінің кезекті жиынына дайындалып жатыр

790

Астана Сирия келіссөзінің кезекті жиынына дайындалып жатыр

Қазақстан Сирия мәселесін реттеуге қатысты келіссөздің кезекті жиынын өткізуге дайындалып жатыр. Отырыс 3-4 мамырда Астанада өтеді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

"3-4 мамырға дайындығымызды жасап жатырмыз. Әзірге кепіл болатын мемлекет жайлы нақты мәлімет жоқ", – дейді СІМ өкілі.

Келіссөздің мерзімі мен қатысушылар құрамы жайлы нақты дерек Тегерандағы кездесуден кейін мәлім болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу