Астана Сирияға қатысты келіссөз өткізуді ұйымдастыру жағынан дайын – ҚР СІМ

901

Астана Сирияға қатысты келіссөз өткізуді ұйымдастыру жағынан дайын – ҚР СІМ

Астана Сирияға қатысты келіссөз жүргізетін орындарды дайындауды бастады. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне  еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.
"Қазақстан келіссөз өткізуді құптайды және біз ол үшін орын ұсынуға дайынбыз. Келіссөздің үдерісі, тақырыбы, қатысушылары – оны келіссөзге қатысушылар анықтайды. Бірақ ұйымдастыру мәселесіне біз, әрине, дайынбыз", – деді Мұхтар Тілеуберді сейсенбі күні Астанада.
Дайындық басталды ма деген сұраққа ол "Иә" деп жауап берді.

"Біз орын ұсынатынымыз анық. Ұйымдастыру жағынан дайынбыз. (Өтетін орны – ИФ) қатысушылардың саны және тағы басқаларына байланысты", – деп атап өтті ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу