Astana Smart City: Бейнебақылау жүйесінің қалай жұмыс істейтіні түсіндірілді

410

Astana Smart City ахуалдық орталығының басқарушы директоры Айбек Ахметбеков қаладағы бейнебақылау жүйесі азаматтардың жеке өміріне араласпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Astana Smart City: Бейнебақылау жүйесінің қалай жұмыс істейтіні түсіндірілді Фото: ЖИ

Оның айтуынша, жүйенің басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, қалалық қызметтердің жұмысын тиімді ұйымдастыру.

Спикердің сөзінше, орталықта жеке тұлғаларға қатысты мәліметтер емес, тек дербестендірілмеген деректер ғана сақталады. Сонымен қатар барлық ақпарат қаланың арнайы қорғалған цифрлық деректерді өңдеу орталығында орналасады.

Айбек Ахметбеков құқық қорғау органдары жеке деректерге тек заңда белгіленген тәртіппен ғана қол жеткізе алатынын айтты. Егер қандай да бір құқық бұзушылық немесе оқиға тіркелсе, тиісті органдар ресми сұрау жолдаған жағдайда ғана қажетті мәліметтер беріледі. Ал ахуалдық орталықтың міндеті – оқиғаны тіркеп, оны жауапты мекемелерге жедел жеткізу.

Сондай-ақ ол бейнекамералар тіркеген құқық бұзушылықтарға қалай әрекет етілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, әрбір жағдай бойынша нақты жұмыс алгоритмі бекітілген. Мәселен, белгіленбеген жерге қоқыс тастау немесе заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған жағдайда ақпаратты алдымен Ахуалдық орталығындағы Полиция департаментінің қызметкері рәсімдейді. Кейін оқиға бойынша аудан әкімдігіне хабар беріліп, әкімшілік іс жүргізу басталады.

Одан әрі материалдар жедел басқару орталығына жолданып, жауапты мемлекеттік органдар бірлесіп жұмыс жүргізеді. Айбек Ахметбековтің айтуынша, ахуалдық орталықтың басты артықшылығы – барлық оқиғаның бірден тіркеліп, тиісті қызметтерге жедел жеткізілуінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу