Астана сотының сайтында Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жалған ақпарат жарияланды

441

Ведомствоның хабарлауынша, белгісіз біреулер сайтты бұзған.

Астана сотының сайтында Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жалған ақпарат жарияланды Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласы сотының сайтын белгісіз біреулер бұзуына байланысты 10 минут бұрын сайтта Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша жалған ақпарат жарияланды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

"Нақты ақпарат алу үшін Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз", - деп хабарлайды сот.

Алдыңғы ақпаратта апелляциялық саты 4 мамырда Гүлмира Сатыбалды мен оның серіктеріне үкім шығарғанын өзгеріссіз қалдырғаны хабарланған.

"Осы үкіммен келіспей, сотталғандар мен олардың қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағымданды. Істі қарау қорытындысы бойынша апелляциялық саты сот актісін өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу