Енді "Астана" футбол және баскетбол клубтары, "Барыс" хоккей клубы мен "Astana Pro Team" кәсіби велокомандасы өз жұмысын жеке жалғастырады. Яғни "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қоры спорттық ұжымдарды делдалсыз, тікелей өзі қаржыландырады.
Наурыз айында "Астана" спорт клубының бұрынғы директоры Аманбек Кульчиков пен "Астана Pro Team" велокомандасының жетекшісі Ләззат Шамшиева және "Astana Motorsport" авторалли командасының жетекшісі Артур Ардавичуске қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Үш күдікті 2,5 млрд теңге көлемінде мемлекет ақшасын жымқырды деп айыпталуда.
Қор өкілдері қаржыландыру тәртібінің өзгеруі спорттық клубтағы жемқорлық былыққа байланысты емес екенін тілге тиек етті. Айтуларынша, шешім қосымша шығындарды жою мақсатында қабылданған.