"Астана" спорт клубының басшысы сыбайластарымен бірге 2 млрд теңге жымқырған

881

Сыбайластар 2016-2018 жылдар аралығында жалған келісімдер жасау және жалған актілерге қол қою жолымен 2 млрд теңгегі қалтаға басқан. 

"Астана" спорт клубының басшысы сыбайластарымен бірге 2  млрд теңге жымқырған

"Астана" кәсіби спорт клубының басшылары 6 велосипедті қосалқы бөлшектерімен қоса 92 млн теңгеге сатып алған. Алайда құны жол талғамайтын көліктен де қымбат спорт жабдығы сол беті елге жеткізілмеген, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл "Самұрық-Қазына" қорының спортты дамытуға бөлінген қаражатын жымқырудың бір тәсілі ғана. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана" кәсіби спорт клубының директоры Аманбек Кульчиков және "Astana Pro Team" велокомандасының" жетекшісі Лаззат Шамшиева және "Astana Motorsports" жетекшісі Артур Ардавичуске қатысты қозғалған қылмыстық істің деректерін жариялады.

Сыбайластар 2016-2018 жылдар аралығында жалған келісімдер жасау және жалған актілерге қол қою жолымен 2 млрд теңгегі қалтаға басқан. Қазіргі уақытта Кульчиков және Шамшиева тергеу изоляторына орналастырылған. Ал, Ардавичусқа Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктілердің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы қымбат мүліктері, автотранспорттық құралдар, элиталық пәтерлері мен жер учаскелері анықталып, тыйым салынды.

"Бөлінген ақша қаражаттарының олардың отбасы мүшелері және спортқа еш қатысы жоқ басқа да, тұлғалардың ішкі және шет елге авиаұшуларын төлеуге жұмсалғаны да мысал бола алады. Бұл шығындар 100 млн теңгеден артық соманы құрайды. Бүгінгі таңда анықталған залал сомасы 2 млрд теңгеден асады",– дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу