Астана спортшылары қысқы Универсиадаға дайын

885

Астана спортшылары қысқы Универсиадаға дайын

Конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спортшы Дмитрий Морозов пен Қазақстанның спорт шебері Надежда Сидельник елорда намысын қорғайды, деп мәлім етті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Отандық спортшылардың дайындығы жөнінде Астана қаласының конькимен жүгіру спортынан бас бапкері Владимир Костин айтып берді.

"Өткен Универсиадада бұл спорт түрінен жарыс өткен жоқ. Біздің спортшылар доданы тағатсыздана күтуде. Дмитрий мен Надежда ең жас әрі болашағынан үміт күттіретін спортшылар, қазір олар шетелде жалпы командалық жиында жаттығуда. Дәл бабындағы спортшылар, сайысқа әзір. Олар сәтті өнер көрсетеді деп үміттенемін", – деді Владимир Костин.

Сондай-ақ Астана спортшылары шайбалы хоккейде де өнер көрсетпек.

29 қаңтарда Алматыда бастау алатын XXVIII Дүниежүзілік қысқы универсиадаға 12 спорт түрінен 168 отандық спортшы қатыспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу