Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бүкіл жолаушы қонақүйге орналастырылып, оларға сусын мен ыстық тамақ беріледі.
Жолаушылардың бір бөлігі "Pegasus Airlines" әуе компаниясының "Астана - Стамбұл" бағытымен 28 қарашада ұшатын РС 229 рейсіне брондалған.
Сонымен қатар Стамбұлдан Астанаға ұшып келетін РС 228 рейсімен ұшақтың техникалық ақауын жөндеуге керекті бөлшектері жеткізілмек.
Одан бөлек, комитет ұшудан бас тартқысы келген жолаушыларға әуе компаниясы билет пұлын қайтарып беретінін жеткізді.