"Астана су арнасы" басшылары қамалды

1625

"Астана су арнасы" МҚК екі басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары азамат В және М ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.

"Астана су арнасы"  басшылары қамалды

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Г.Нұрқаевтың айтуынша ағымдағы жылғы 23 мамырда сағат 16.00-де  Нұр-Сұлтан қаласы "Астана су арнасы" МҚК   канализациялық сорғы станциясы резервуарында   демонтаждау жұмыстарын жүргізу барысында төрт жұмыскер қайтыс болды, бір жұмыскер медициналық мекемеге жатқызылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті 2019 жылғы 23 мамырда еңбекті қорғау ережесін бұзу нәтижесінде екі немесе одана да көп кісі өліміне әкеп соқтырған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеп-тексеру барысында бірқатар сараптамалар және арнайы тексерістер жүргізілді, оқиғаны көрген адамдардан жауап алынды. Жүргізілген тергеу іс-шаралары барысында "Астана су арнасы" МҚК лауазымдық тұлғалары кінәлі екені анықталды.

2019 жылғы 13 маусымда осы факті бойынша "Астана су арнасы" МҚК екі басшысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары азамат В және М ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.

Видео:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу