Астана су қоймасын жаңарту жұмыстары қолға алынды

630

Әкімдікте осы мәселе қаралып, қаржы бөлу жағы шешіледі.  

Астана су қоймасын жаңарту жұмыстары қолға алынды Фото: egemen.kz

Елорданың ТЖД бастығының орынбасары Дастан Алдабеков Астана су қоймасы жөндеуден өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

"Астана су қоймасында соншалықты апат болған жоқ. Қазіргі уақытта су қоймасы контрреттегіш режимінде. Бұл дегеніміз – қаланы су тасқынынан қорғау. Қазір су қоймасын жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Әкімдікте осы мәселе қаралып, қаржы бөлу жағы шешіледі. Биыл контрреттегішті жаңартуға ақша бөлініп, атқарылатын іс-шаралар аясында Есіл өзенінің арнасын кеңейту мүмкіндігі туады деген ойдамыз. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шаралар, бөгетті нығайту, тас төсеу жұмыстары жүргізілмек", - деді ол Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу