Астана су тасқынына дайындықты бастады

980

Астана су тасқынына дайындықты бастады

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе көктемгі су тасқынын өткізуге дайындық шеңберінде су басу қаупі төнетін учаскілерді аралай бастады. Астана қаласында су тасқынына көбінесе жеке тұрғын үй секторлары ұшырайды, деп жазады astana.gov.kz.

Кіші Талдыкөлдің су жиналатын ауданына шығу барысында су жинағышта жиналған суларды бұрып ағызып жіберу және Тұран даңғылы бойымен қорғау дамбасын көтеру мәселесі қаралды.

Атқарылатын іс-шаралар көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға, сонымен қатар мәрдігерлік мекемелердің атқарған жұмыстарына бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, су тасқынының алдын алу мақсатында жеке тұрғын үй секторларларының тұрғындарына өз үйлерінің шатырындағы және ауладағы қарды, жақын аумақтағы өз қоршауынан жол бойына дейінгі қарды тазалап, жүретін жолдың шетіне дейін шығарып, алдын алу шараларын қолға алулары қажет.

Су басу кету туралы хабарлама алғанда шатырға немесе басқа қауіпсіз орынға, жоғарғы қабатқа құнды заттарды және азық-түліктерді апару; өзіңізбен алып жүруге қажетті заттарды (құжаттарды және ақшаны су сіңбейтін пакетке түю) және бағалы заттарды, 2-3 күнге жетерлік азық-түлікті буып-түйіп, дайындау;

Сонымен қатар, үрленетін матрастар, камералар, пластмастан жасалынған құтылар және бөтелкелерді, пышақ, арқан дайындау керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу