Қазақстан елордасының аталған экономикалық көрсеткіш бойынша үлесі 10,8% құрайды.
"Өңірлер бойынша жіктегенде, Астана тартылған инвестициялардың көлемі бойынша екінші орында тұр - 713 млрд теңге (10,8%), тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша - 2 млн шаршы метрден аса (ҚР-дағы үлес - 22,7%), жұмыс істейтін ШОБ субъектілері санының өсу қарқыны бойынша бірінші орын (ФКИ - 102,7%, ҚР бойынша - 94,5%)", – деп мәлім етті бүгін елорда әкімдігінде Астана әкімі Әсет Исекешев.
Әсет Исекешевтің айтуынша, елордада жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі тіркелген - 4,6%, ал ҚР бойынша орташа көрсеткіш 4,9% құрайды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        