"Астана" тауар биржасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

445

 Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрлігі хабарлады деп жазады inbusiness.kz. 

"Астана" тауар биржасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды Фото: Zakon.kz

Тексеру барысында тауар биржасы қызметкерінің заңмен тыйым салынған биржалық операцияларға қатысқаны анықталды.

 Аталған факті бойынша "Астана тауар биржасы" АҚ-на қатысты әкімшілік іс қозғалды.

 "Істi қысқартылған өндірістік тәртiппен қарау қорытындысы бойынша Астана қаласы Т.Б. 75 АЕК айыппұл түрiндегi  әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомство.

 2023 жылы 75 АЕК 258 750 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу