Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауға тиіс – Президент

111

Астананы дамытуға арналған кеңесте Президент бірнеше бастама көтерді.  

Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауға тиіс – Президент Фото: gov.kz

Бұдан былай бас қаланы безендіру ісіне демеушілерді де тарту керектігін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шеткері аудандарға да көңіл бөлу керек. Қаланы безендіру жұмыстарына бюджеттен бөлек демеушілер қаражатын да тартуға болады.

Жаңа жылда кәсіпкерлеріміздің басын қосуды жоспарлап отырмын. Оларға тағы да үндеу жасаймын. Қатаң шаралар қабылдаймын. Түптің түбінде, Отанды сүю – ортақ борыш. Сондықтан оң жағалаудағы сауда, өнеркәсіп орамдары мен тұрғын үй алаптарын жаңарту жұмыстарын жандандырған жөн. Көріктендіру мәселесі азаматтарды әрдайым толғандырады.

Бұл – түсінікті, сондықтан олардың осылай айтуға қақысы бар. Дегенмен әкімдік те елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан жоғары мәдениетті талап етуі керек", – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу