"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс оқиғадан қаза тапқандар жоқ.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен жолшылар жүргізушіге көмектесіп, көлікті сүйреп, тиеуге тырысты. Жол-көлік оқиғасы орнындағы жол жамылғысы таза, көктайғақ жоқ", - делінген хабарламада.
Компания автокөлік жүргізушілеріне жолдың осы бөлігіне ерекше назар аударуды сұрайды.
"Жол-пайдалану учаскесінің қызметкерлері қысқа уақытта үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етеді", – деп атап өтті "ҚазАвтоЖол".
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу