"Астана-Теміртау" тасжолында автокөліктері сынған 5 адам құтқарылды

459

Кеше кешкі сағат 21.00 шамасында "Астана-Теміртау" тасжолында автокөліктері сынған бес жүргізушіге көмек көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.  

"Астана-Теміртау" тасжолында автокөліктері сынған 5 адам құтқарылды Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жолда қалғандар дереу жылыту бекетіне жеткізілген. Мамандар осындай жағдайда тығырақтан шығу үшін жолаушыларға мынандай кеңес береді. Көлік қыс мезгілінде жолда бұзылса, не істеу қажет және қайда бару керек? Біріншіден, көлік құралын ең қауіпсіз жерде тоқтатып, басқа жүргізушінің қозғалысына кедергі келтірмеу шарт. Екінші, апаттық белгіні қосып қойыңыз. Содан соң 1403 нөміріне, тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа қоңырау шалыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу