Отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі — Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан жалпыұлттық телекөпір барысында Астана-Теміртау жолының 169 шақырымы толықтай аяқталып, көлік қозғалысына рұқсат етілді, деп жазады egemen.kz.
"Астана-Теміртау жолы бірінші техникалық санат нормативтерімен салынды. Оның өткізу қабілеттілігі тәулігіне 6-дан 28 мың көлікке дейін ұлғайтылды. Құрметті Елбасы! Астана — Теміртау және Алматы — Қапшағай тас жолдары іске косылуға дайын. Қозғалысты бастауға рұқсат сұраймыз!" — деді Ермек Қизатов.
"Алдымыздағы 5 жылдың ішінде дәл осындай 7 мың шақырым жол салсақ, сонымен қатар темір жолдар желісін кеңейтсек, бұл елімізге өте пайдалы әрі экономиканы ары қарай өркендетеді. Осының барлығы — мемлекеттің атқарып жатқан шаруасы. Сондықтан сіздер — еліміз үшін негізгі істі жасап жатқан адамдарсыздар. Осы бағытта бөлінген қаражатты мұқият пайдаланып, елімізде ең жақсы жолдарды салуға қызмет етіңіздер", — деді Президент телекөпірге қатысушыларға. Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің "Нұрлы жол" бағдарламасы қазіргі дағдарысқа қарсы үлкен жоба болып саналатынын еске салып өтті.