"2017 жылғы 25 қаңтарда 14 сағат 15 минутта қалың жауған қар мен боранның салдарынан Астана темір жол вокзалы перронындағы бастырма 40 шаршы метр қалқасы құлады. №376 "Астана-Лениногор" пойызының шетін жанап өтті. Вагон мен электр желісі бүлінбеді", деп мәлім етті "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Аталмыш оқиға пойыз қозғалысына әсер еткен жоқ, делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу