"Астана-Теплотранзит" жылыту маусымына дайын

1034

Акционерлік қоғам инвестициялық бағдарламасының 70%-ын орындады.

"Астана-Теплотранзит" жылыту маусымына дайын

Былтыр "Астана-Теплотранзит" АҚ жылу желілерін жаңғыртуға және қайта жаңартуға 781,3 млн теңге жұмсады. Іс барысында 6 160 шақырымды құрайтын құбыр ауыстырылды. 

Белгілі болғандай, ескірген жабдықтарды алмастыру мен жаңа жабдық сатып алуға - 37,7 млн, лицензиялық бағдарламаларды сатып алуға - 6,9 млн, 

құралдар мен жүйелерді сатып алуға - 9,8 млн, сондай-ақ көлік және арнайы механизм сатып алуға - 144,4 млн теңге бөлінген. 
Биыл "Астана-Теплотранзит" АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы 1 617,7 млн теңге болып бекітілген. Бүгінге дейін инвестициялық бағдарламаның 70%-ы орындалған. 

Келесі жылы акционерлік қоғам жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға 1 356,1 млн теңге жұмсамақшы. 

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев "Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Теплотранзит" АҚ нысандарын аралау барысында жылу желілерінің қазіргі жай-күйімен танысты. 

"Астана-Теплотранзит" АҚ басқарма төрағасының құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары Б. Нұғыманов 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына сақадай сай екенін мәлімдеді. Өз кезегінде Асан Дарбаев жылумен жабдықтау нысандары алда болатын суықтарда жылуды уақытында және сапалы беруге тиіс дегенді шегелеп жеткізді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу