Астана төңірегіндегі ауылдарды дамытуға облыстан 5,7 млрд теңге бөлінеді

1016

Астана төңірегіндегі ауылдарды дамытуға облыстан 5,7 млрд теңге бөлінеді

Астана маңындағы ауылдарды дамытуға 5,7 млрд теңге бөлінеді, деді облыс әкімі Сергей Кулагин халық алдында берген есебінде.

"Селолық елді мекендердің тұрғындарының өмірін жақсарту мақсатында Астана қаласының маңайындағы елді мекендерді 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда", –  деді Сергей Кулагин.

Астана қаласының азық-түлік белдеуін жасау шеңберінде 83,7 миллиард теңгенің 104 жобасы жүзеге асырылды.  Соның ішінде, 2016 жылы 7,2 миллиард теңгенің 9 жобасы іске қосылды (оның 2-еуі сүт бағытындағы мал шаруашылығы, 2-еуі ет өндіру, 1-еуі жылыжай, 4-еуі астық сақтау орны).

Аталмыш кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы 1,6 миллиард теңге қаржы бөлінді. Ақмол ауылындағы 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып, Целиноград ауданындағы Қызылжар, Максимовка, Талапкер селоларын электрмен қамтамасыз етуге арналған желі салынды. Елордаға 94 мың тонна сүт және сүт өнімдері  (108,3 пайыз), 22,2 мың тонна ет (106,2 пайыз) және 222,5 миллион дана жұмыртқа (102,3 пайыз) жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу