Астана тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

847

Астана тұрғын үй құрылысына инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр

2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 608 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.

Бұл - республикадағы ең үздік нәтиже. Былтыр Астана қаласында 2 млн 357 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 228 млрд теңгені құраған.

Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышевтың айтуынша, 2015-2017 жылдар аралығында құрылыстың сапасы біршама жақсарып, салынып жатқан ғимараттардың сапасына қатысты түскен шағымдар едәуір кеміген.

"Заңға қайшы келетін құрылыстың жолы кесілгеннен кейін өз еркімен ғимаратты салу тыйылды. 2017 жылы 655 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Келтірілген залал 114 173 568 теңгені құрады. Бүгінге дейін 520 субъекттен 76 363 653 теңге өндірілді. Әкімшілік сот арқылы жауапкершілікке 460 субъект тартылып, 35 815 940 теңге өндірілді", – деп мәлімдеді Төлеген Құлышев.

Оның айтуынша, соттарға жыл басынан жеке және заңды тұлғаларға қатысты құрылысты уақытша тоқтату, нысандарды пайдалану және құлату жөнінде 41 шағым түскен. Олардың 16-сын сот қанағаттандырса, 20-ы соттың қарауында жатыр.

"Үш жылдың ішінде басқарма 3587 лицензияны берді. Ал 2017 жылы 1654 құрылыс лицензиясы берілді. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған компаниялардың біліктілік талаптарына сай келетіндігі тексеріліп жатыр", –деді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу