Астана тұрғындары бір күнде 10 мыңнан астам көшет отырғызды

693

Астана тұрғындары бір күнде 10 мыңнан астам көшет отырғызды

Көктемгі экологиялық айлыққа 150 мыңнан аса қала тұрғыны, 4622 кәсіпорын, ұйым мен мекеме, соның ішінде 44 жоғары және орта арнайы оқу орны, 146 мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемесі, 74 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство мен ұлттық компаниялар қатысты. Сонымен қатар, 210 дана тиегіш пен 387 дана жүк көлігі, жалпы 425-тен аса көлік пен басқа да техника тартылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Сенбілік аясында жалпы ауданы 3545050 м2 саябақ пен парк аумағы жиналды, 10777 көшет (қызыл тал, татарлық үйеңкі, қарағай, қайың, емен, пирамидалық терек, шетен) отырғызылды. Нақтырақ айтқанда:

- "Алматы" ауданында – 3265 ағаш (Мичурино кентінде – 386 ағаш, Триатлон паркте 145 ағаш, Ш. Қалдаяқов көшесінде – 114, денсаулық сақтау және білім нысандарына 2600 көшет берілді);

- "Есіл" ауданында – 3900 ағаш (1200 ағаш Ұлы Дала даңғылында (Тұран даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейін), "КазТрансОйл" АҚ – 150 ағаш, "Оператор РОП" ЖШС – 50 ағаш, мектептерге, балабақшаларға және қорғаныс министрлігінің қызметкерлеріне 2500 дана көшет берілді);

- "Сарыарқа" ауданында – 3612 ағаш (612 түп ағаш отырғызылды: Сарыбұлақ бойында – 300 дана, Н. Тілендиев даңғылының бойында – 250, Сарыарқа даңғылында – 27, Қосшығұлұлы көшесінде – 35, ПИК, орта мектептердің, балабақшалардың ұжымдары – 3000 түп ағаш).

Еріктілер мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, өзендердің арнасын санитарлық тазартуды қамтамасыз ету мақсатында Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінде экологиялық шаралар ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында 2559,68 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды, 349 рейс жасалды.

Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Есіл (Газмашаппаратура), Ақбұлақ (Еуразия университетінен ТЭЦ-2 дейін) өзендерінің арнасын тазалады.

Акцияларға Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің 150-ден аса студенті, сондай-ақ қалалық бөлімшелердің әскери қызметкерлері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу