Астанада көмір ахуалы тұрақты. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетикалық ресурс бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұловтың айтуынша күн сайын түрлі маркадағы 20 вагон - 1,5 мың тонна көмір жеткізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы жылу кезеңінде қажетті көмір 400 мың тоннаны құрайды. Бірінші тамыздан бүгінге дейін 155 мың тонна жеткізілді. Қорда 12 000 тонна көмір бар. Ең танымал көмір – Шұбаркөлдікі, күніне 1,5- 2 мың тоннасы сатылуда.
"Алыпсатарлармен күрес бойынша бізде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ішкі істер департаменті мен аудан әкімдіктеріне жолын кесу туралы тапсырмалар берілді. Бізде одан басқа бағаны көтерудің жолын кесу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Осы жылы біз бір көмір сатушының көмірді 16 500 теңгеден сатқанын анықтадық. Біз оны анықтап, түртіп алдық және антимонополияға қарсы органға тиісті шара қолдану үшін жібердік. Қабылданған шара табиғи монополияларды реттеу бойынша департаментінің құзырына кіреді. Биыл тек бір ғана факт анықталды", - дейді Мақсат Есмағұлов.
Оның айтуынша, өткен жылдарға қарағанда тұрғындар биыл тамыз басталысымен ертерек қамданған. Сондықтан бұрынғыдай айқай-шу мен ұзын-сонар кезек жоқ.
"Жылу беру маусымы әлдеқашан басталып кетті, бәрі от жағуға кірісті", - деп түйіндеді Ерлан Қашкенов.