21-25 наурыз аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының 20 жылдығы мен Наурыз мерекесіне орай, наурыздың 21-25 күндері аралығында Астана тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" автобустарымен Астананың сол жағалауына тегін экскурсияға шыға алады.
Экскурсия "AiLand" (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және "MEGA Silkway" сауда ойын-сауық орталығынан басталады.
Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы).
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        