Астана тұрғындары Республика күніне орай 1000-нан астам ту ілді

443

"Астана жастары" еріктілері мемлекеттік рәмізді дәріптеу бойынша алғашқылардың бірі болып үлкен акцияны бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана тұрғындары Республика күніне орай 1000-нан астам ту ілді Фото: Астана әкімдігі

Еріктілердің айтуынша, патриоттық шара жыл сайын өткізіледі.

Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарды да қуанышқа бөлейді. Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.

"Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, еріксіз көңіл күйім көтеріледі. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек", – деді Астана тұрғыны Тамара Суворина.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында ҚР тулары ілінген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу