Астана тұрғындары жаңа піскен таңқурай және құлпынаймен қамтамасыз етілетін болады

987

Астана тұрғындары  жаңа піскен таңқурай және құлпынаймен қамтамасыз етілетін болады

Астана жанындағы Ақмола облысы Шортанды ауданының Дамса ауылында құлпынай мен таңқурай өсіретін "Algabas Agri Fruit" ЖШС рекрациялық құлпынай фермасы жұмысын бастады деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының аймақтық коммуникация қызметі.

 Осы жылдың жазында-ақ  елорда тұрғындары жас жидектің дәмін тататын болады.

"Өсірілетін сұрып өте өнімді, әрқайсысы бір маусымда 2 килограмм құлпынай береді. Осы жылы шамамен үш тонна өнім аламыз деп отырмыз. Осылайша аймақты жақсы өніммен қамтамасыз ете аламыз, өнімді өсіруде ешқандай пестицид қолданылмайды, тек шамалы азот тыңайтқышы қосылады", – деді "Algabas Agri Fruit" ЖШС директоры Нұрлан Апушев.

Осымен қоса, "Algabas Agri Fruit" ЖШС еуропалық Viveros Campiñas (Испания) ірі  тәлімбақтың ресми өкілі болды. Өсімдікті отырғызғанға дейін фирма миллионнан астам өсімдік әкеледі. Қазірдің өзінде 350 мың көшет әкелінбек. Негізгі жеткізілетін көлем – "Альбион" құлпынайының сұрпы. Бұл сұрып үзбей гүлдейді, яғни жылына біренеше рет өнім береді. Былтырғы жылы күн ыстық болып тұрғанда шамамен төрт рет жеміс берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу