Астана тұрғындарын қала сыртына шығудан бас тартуға шақырды

284

"Қазгидромет" РМК-нің хабарлауынша, 29-31 желтоқсан аралығында Астанада қалың қар жауып, жел күшейіп, боран соғады. 

Астана тұрғындарын қала сыртына шығудан бас тартуға шақырды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қатты боран мен желдің күшеюіне байланысты елорда тұрғындарын қала сыртына шықпауға шақырды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда, бұрқасын, қар жаууы және желдің жылдамдығы 28 м/с жетуіне байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартуды және сақ болуға шақырады. Ауа-райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы барлық ақпаратты бақылауда ұстауды ұсынады", - делінген баспасөз хабарламада.

"Қазгидромет" РМК-нің хабарлауынша, 29-31 желтоқсан аралығында Астанада қалың қар жауып, жел күшейіп, боран соғады.

"Дауылды желдер кезеңінде бірінші кезекте электр желілері мен жабдықтарының, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырының, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Пәтерде сіз жоқта кенеттен электр тогы қосылған кезде өрт болмас үшін барлық электр құрылғыларының қуатын өшіріп, барлық ток көздерін ажыратып кетіңіз. Сондай-ақ, жеке көліктерді ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыс жерлерге қойыңыз. Пәтердегі барлық терезелерді мықтап жабу ұсынылады. Сыртта қатты желде қалып қалсаңыз, құтқарушылар қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес береді", - деп түсіндірді құтқарушылар.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті Елорда тұрғындары мен қонақтарына дауылды ескерту кезінде жолда сақ болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ұзақ сапарға шығудан бас тартуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу