Астана тұрғындарына цифрлық сауаттылық курстары ұйымдастырылады

1025

Астана тұрғындарына цифрлық сауаттылық курстары ұйымдастырылады

Астана тұрғындары үшін цифрлық сауаттылық бойынша оқыту жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

1 маусымнан 31 шілдеге дейін елордада мектептердің, колледждердің және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының негізінде 6 мен 74 жас аралығындағы қала тұрғындары үшін цифрлық сауаттылық курстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекттік бағдарламасының бағыты – адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "Зерде" Холдингі"АҚ-мен бірге халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша әдістемені және 4 оқу бағдарламасын әзірледі: "Базалық цифрлық дағдылар" курсы (практикалық жұмысты қоса алғанда, 4-8 сағатқа арналған),  "Ашық үкімет" (3-4 сағатқа арналған), "Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер" курсы (практикалық жұмысты қоса алғанда, 4-5 сағатқа арналған), "Электрондық сауда" курсы (практикалық жұмысты қоса алғанда, 2-3сағатқа арналған).

55-68-83, 55-68-73 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы курсқа жазыла аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу