Елордада Ұлы Отан Соғысы жылдары туралы естеліктерді сақтауға бағытталған "Жеңіс лентасы" атты патриоттық науқан жүріп жатыр, деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты.
2015 жылдан бастап Жеңіс лентасы ресми түрде жаңарып жаңа дизайнмен жасалды. 7-9 мамырда астананың тұрғындары мен қонақтарына 100 мыңнан астам Жеңіс лентасы таратылады.
Символды үш жерден алуға болады: "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда, Ғашықтар паркінде (Хан-Шатыр СО-ның алдында), ОЖД алдындағы қалалық алаңда. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар 9 мамырды тойлауға арналған ірі шаралардың барлығында ленталардың таратылатындығына сөз береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу