Астана тұрғындарынан 31 миллион теңге өндірілді

799

Астана тұрғындарынан 31 миллион теңге өндірілді

"Борышкер-2018" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген 9 күн ішінде полицейлерге айыппұлын төлеу қажет деген 3 800 хабарлама келіп түскен. ЖПШ 11-30 сәуір аралығында өткізіледі, мақсаты – айыппұлдарды өндіру, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараның 9 күні ішінде полицейлер, сот орындаушылармен бірлесіп,    СМС,   ЕРЦ түбіртектері және "Казпочта" АҚ арқылы  17 мыңнан астам әкімшілік айыппұлдары бар борышкер хабардар етіліп, 31 млн. тенгеге жуық айыппұл өндіріліп алынды. 

 69 автомашина мамандандырылған тұраққа қойылды.

ЖПШ шеңберінде Астана аумағында және "Шептің" барлық бекеттерінде көлік ағынын бақылайтын автоматты жүйені пайдалану арқылы, аппаратты-бағдарламалық "Сергек" кешені –  көлігін басқаратын құқығы жоқ тұлғаларды, айыппұлын өтемеген борышкерлер мен жалған мемлекеттік номермен жүргендерді де анықтауда. 

Сот орындаушыларымен бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шарада әкімшілік айыппұл қарызы барлар мен оны өндіру бойынша тұлғаларды анықтауға кірісті. 

Сонымен қатар, Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды келесідей әдістермен тексеруге және төлеуге болатыны туралы ақпараттандырады: egov.kz  электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz , Kaspi.KZ, egov.kz , HandyPay, MyPay homebank.kz мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер және т.б.,  сондай-ақ түбіртекті 8-776-197-23-48 WhatsApp жіберуге болады (ақша қаражаты Қазынашылық банк кодына түскеннен кейін айыппұл өтеледі).

http://qamqor.gov.kz интернет сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде "узнай о своих штрафах"  бетбелгісіне кіресіз, одан әрі көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйесімен жазылған бұзушылықтар болған жағдайда сол жерден аталған бұзушылықтардың фотосын шығарып алуыңызға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу