Астана тұрғындарының жұмыс уақыты өзгереді

568

Астана тұрғындарының жұмыс уақыты өзгереді

Астана әкімдігі таңертеңгі уақытта қала жолдарында ұзын-сонар кептелісті болдырмау үшін жұмыстың басталу кестесін өзгерту жөнінде жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен үкімет сағатында елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz.

"Біз қазір бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Шамамен 2-3 апта ішінде тұрғындардың барлық санатына жұмыстың басталу уақытын өзгертуге қатысты шешім қабылдаймыз. Яғни жолдағы кептелісті азайтуға тырысамыз, сағат таңғы 8-9-да бүкіл қала бір уақытта жұмысқа шықпауы үшін уақытты өзгертпекпіз", – дейді Сергей Хорошун.

Мұндай мәселе бір жылдан бері айтылып келеді. 2015 жылы Астанадағы кептілісті азайту үшін "Астана ЛРТ" ЖШС басшысы да осындай ұсыныс айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу