Астана полициясы кәріз жүйесінің металл қақпақтарын ұрлады деген күдікпен қала тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер департаментінде мобильді топ құрылып, қажетті құжаттарсыз металл қабылдаумен айналысатын орындарды, түсті, қара металдарды және кәріз қақпақтарын ұрлауға қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмысын жүргізуде. Осы шаралардың нәтижесінде шамамен 90 металл қабылдау орындары анықталған, қазіргі уақытта соның 30-ы заңсыз қызметін тоқтатқан.
7 қыркүйекте 12 кәріз қақпағының ұрлығы бойынша жүргізілген жылдам-іздестіру шараларының барысында 43 жастағы қала тұрғыны анықталған. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол қаланың әртүрлі аудандарындағы құдықтардың қақпағын шешіп әкеткен. Ұрлағандарын базарға апарып сатқан. Тергеу амалдары барысында барлық кәріз қақпағы қайтарылған.
Қазірде ҚР ҚК 188-бабына (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына алынған. Оның қала аумағындағы осы сияқты басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Қақпақтарды ұрлауға байланысты құқықбұзушылықтарды ашу Астана ІІД басшылығының тұрақты бақылауында.