Астана тұрғыны әйелін жүріп келе жатқан көліктен лақтырып жіберген

1929

Белгілі болғандай, екеуі де мас болған. 

Астана тұрғыны әйелін жүріп келе жатқан көліктен лақтырып жіберген Фото: видеодан кадр

Астанада ерлі-зайыптылар жанжалдасып, ер адам әйелін машинадан көшеге лақтырып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сағат 02.00 шамасында "102" пультіне оқиға куәгерінен GEELY көлігінің мас жүргізушісі жол бойында әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенгенімен, қамауға алынды.

Көлік ішінде ер адамның әйелі болғаны белгілі болды. Оқиғадан сәл бұрын ерлі-зайыптылар дәмханада ішімдік ішіп отырған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар мас күйінде көлікке отырған. Көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптылардың арасындағы төбелес жалғасып, жүргізуші көлікті тоқтатып, әйелді көліктен лақтырып жіберген.

"Полицейлер жүргізушіні көлік жүргізуден шығарып, медициналық тексеруден өтуін сұрады. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу