Астана тұрғыны автобус жүргізушісіне газ шашты

239

Оқиға Астана қаласындағы Қалдаяқов көшесінде болды. 

Астана тұрғыны автобус жүргізушісіне газ шашты Фото: freepik

Астана тұрғыны автобус жүргізушісіне бұрышты газ шашты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік жүргізушісі тәртіп бұза отырып, автобустың алдына шығып кеткен. Артынан ол көлігінен шығып, қоғамдық көлік жүргізушінің бетіне бұрышты газ шашты.

"Автобус пен "Kia" маркілі көлік жүргізушісінің арасындағы жанжал күндіз Қалдаяқов көшесінде болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұза отырып қоғамдық көліктің алдына шығып кеткен. Артынан көліктен шығып, автобус жүргізушісінің бетіне бұрышты газ шашып, бой тасалап үлгерген", - делінген полиция хабарламада.

Іздестіру жұмыстарының барысында "Kia" маркілі көліктің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік тұраққа қойылды. Сот шешімімен ол бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу