Ол пәтеріндегі құнды заттардың жоғалғандығына шағымданған. Полицейлердің жедел-іздестіру шаралары барысында жәбірленушінің 23 жасар танысы тұтқындалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің жақын танысы болып шықты, екеуі бірге тұрған. Пәтер иесінің жоқтығын пайдаланып, жас жігіт тоңазытқыш, "Яндекс Станция" құрылғысы және чемоданды ұрлап әкеткен.
Шығын көлемі 320 мың теңгені құраған. Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері қазіргі таңда тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Бұл ретте, күдікті ұрланған мүлікті сатып үлгеріп, түскен қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған.
Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарға сақтық шараларын күшейтуді және пәтерде бағалы заттарды қауіпсіз жерде сақтауға мұқият болуды ескертеді.