Электр энергиясына қарыз болған тұрғыннан 13 миллион теңге өндірілді

899

Электр энергиясына қарыз болған тұрғыннан 13 миллион теңге өндірілді

Астана тұрғыны "Астанаэнергосбыт" ЖШС-не 13 млн теңге қарыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат..

"Астанаэнергосбыт" ЖШС Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына қарыз азамат тұтынған электр энегриясының ақысын алып беруді сұрап, шағым түсірген.

"2017 жылдың басында "Астана-РЭК" АҚ-ның мамандары жауапты азаматтың электр энергиясын тұтынуда заңбұзушылықтарға жол бергені жөнінде акт толтырған. Бұған қоса, электр тұтыну көрсеткішін өлшеу құралына жүргізілген тексерулер аспаптың ішкі жағына зақым келгендігін де анықтаған", - делінген хабарламада.

Сот таратқан ақпарат бойынша, жауап беруші азамат өзіне шағым түсіргендердің мәліметтерін жоққа шығаратын дәлелдер келтіруге тырысқан.

Сот шешімімен "Астанаэнергосбыт" ЖШС-не жауап беруші азаматтан қажетті сома алынды.

Сот шешімі әзірге күшіне енбеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу